Медицина • Кеше

МӘМС басшысы қызметінен неліктен кетті?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорының басшысы Айдын Құлсейітовтің қызметінен кетуіне және елдегі сақтандыру жүйесінің жай-күйіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

МӘМС басшысы қызметінен неліктен кетті?

Фото: aikyn.kz

Министрдің айтуынша, басқарма мен қор арасындағы түсініспеушілікке қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі түрткі болған. 

Ақмарал Әлназарова МӘМС-тің денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызы зор және салада стратегиялық функция атқаратынын да атап айтты. 

«Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі айтарлықтай табысты жүзеге асырылып келеді. Медициналық көмек алу кезінде азаматтардың қалтасына едәуір салмақ түспейді», деді министр. 

Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын басқару міндеті жүктелген Айдын Құлсейітов қызметінен кетті. Ол аталған лауазымдық міндетті шамамен 8 ай атқарды.