Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Мамыр, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымының қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды.
28 Мамыр, 2025
Шоқанның соңғы жылы: дерек пен долбар
Шоқан – әлемдік ғылымда сирек кездесетін ерек феномен. Оның бар болғаны 29 жыл 7 аймен ғана тұйықталатын отөрім ғұмырында түрік халықтарының тарихына, этнографиясына, әдеби-мәдени мұрасына қатысты атқарып кеткен зор еңбегі әркімді де таңдай қақтырады. Ұлы кемеңгердің ғылыми еңбектері айрықша жаңалығымен, өз заманынан оза туған біліктілігімен, үздік байламдарымен ерекшеленеді. Оның сол кезде дәйектеп кеткен кей тұжырымдарының өзі бүгінгі өркендеген ғылыми өре биігі деңгейімен таңғаларлықтай үйлесім тауып жатады. Шоқан – қазақ ғылымының әлем алдындағы бетке тұтар абыройы, мәртебесі асқақ төлқұжатының бірі.
28 Мамыр, 2025
Қоқыстан арылатын күн туса игі
Табиғаты тамылжыған көрікті Көкше өңіріндегі өзекті мәселенің бірі – заңсыз қоқыс үйінділері. Бір қарағанда таптаурынға айналған тақырып болғанымен, өзегі жарылып, өңі түзелмей тұрған соң, тағы бір айналып соғуға мәжбүрміз.
28 Мамыр, 2025
Петропавл қаласында Есілдің биік жарқабында, қалың өскен орманның ішіне салынған «Жеңіс саябағы» атты демалыс орны бар. Сол маңның тұрғындарына, арнайы барып оттегімен тыныстағысы келетіндерге керемет жайлы орын.
28 Мамыр, 2025
Бүгін - Мырзатай Жолдасбеков өмірге келген күн
Бүгін, 27 мамыр – қазақ әдебиеттану ғылымы мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің туған күні. Ғалым биыл 87 жасқа толып отыр, деп жазады Egemen.kz.
27 Мамыр, 2025
Алқаптар тегістеліп, арналар жаңартылды
Кейінгі жылдардағы су тапшылығы Сыр диқандарын тығырыққа тіреп отыр. Бастапқыда дария арнасына қарайлап, әр егіс маусымын алаңмен өткізетін шаруалар кейіннен күріш көлемін азайтып, егісті әртараптандыруға ден қоя бастады. Осы күні диқандар алқапты тегістеу арқылы су үнемдеуге көшті.
27 Мамыр, 2025
Биыл азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің қосымша шаралары енгізіліп, 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 176,6 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Онда елдегі түрлі әлеуметтік топтарға қатысты жеңілдіктер қарастырылған.
27 Мамыр, 2025
Шекаралық ауданның шаруасы ширақ
Алматы облысының Қытаймен шекаралас Райымбек ауданы 1997 жылы оңтайландыру саясатымен Кеген ауданының аумағына қосылған еді. Араға 21 жыл салып, 2018 жылы екі ауданның іргесі қайта бөлінді. Содан бері өз алдына тіршілік тізгіндегеніне жеті жыл толған таулы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында соны серпіліс барын өңірге ұйымдастырылған баспасөз-туры аясында айқын аңғардық.
27 Мамыр, 2025
KEGOC: тұрақты өсу, стратегиялық инвестициялар
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға кеңес төрағасы Болат Жәмішев, қор өкілдері мен сарапшылар қатысты. Келелі кеңесте жүйелік оператор «KEGOC» акционерлік қоғамы 2024 жылды қорытындылап, жақын және алыс болашақтағы жоспарлары туралы баяндады.
27 Мамыр, 2025
Білім жүйесіндегі тың әрі ауқымды инфрақұрылымдық бастама – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында биыл Ақтөбе облысында 14 мектеп салу жоспарланса, қазіргі уақытта оның екеуі пайдалануға берілді. Бұл – Ақтөбе қаласындағы №79 және №82 мектептер.
27 Мамыр, 2025
Торғай өңірінде Кәкімжан Кәрбозов деген ақсақал бар. Көкірегі хатқа толы қария бүгінде тоқсанға жақындаған. Көненің көзі, арғы-бергіден хабары мол осындай үлкендеріміздің аузын бағып, олардан өткеннің есті естелігін алып қалып, кейінгіге ұсынуды, аманаттауды өзімізге міндет санаймыз.
27 Мамыр, 2025
Биыл Қызылорданың ел астанасы атанғанына 100 жыл толып отыр. Қай заманда да қазаққа құтты ұя болған байырғы мекенде атаулы жылға байланысты іс-шара жүйелі ұйымдастырылып келеді. Қаладағы «Өнер орталығында» өткен «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» атты республикалық ақындар айтысы да «қазақ» атауын қайтарған қасиетті төрдегі тойға арналды.
27 Мамыр, 2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады
Елімізде 2025 жылдың 1 маусымынан бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады. Іріктеу нәтижесінде үздік 50 кандидат Резерв құрамына енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Грузия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай осы елдің Президенті Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Мамыр, 2025
Газаға жасалған соққыдан тағы 38 адам көз жұмды
Газаға соңғы 24 сағат ішінде жасалған Израильдің әуе шабуылдарынан кемінде 38 адам қаза тапты, олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды Egemen.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
26 Мамыр, 2025
Биыл Жетісайда қауын ерте пісті
Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының диқандары қауынды мерзімінен бұрын жинап отыр. Бұл – суармалы судың егістікке ерте берілуінінің нәтижесі, деп жазады Egemen.kz.
26 Мамыр, 2025
43 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 1 мамырдағы есеп бойынша 43,4 мың отбасындағы 232,5 мың адамға 10,4 млрд сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
26 Мамыр, 2025
Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы сәтті аяқталды
Қазақстанда 12–16 мамыр аралығында өткен Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы табысты қорытындыланды. Бұл кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық науқан Мемлекет басшысы жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен, сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы маңызды кездесулер өткізеді
Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірқатар маңызды халықаралық және ішкі іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Мамыр, 2025