Редакция таңдауы
Ел кубогінің иегерлері анықталды
Астанада өткен ел кубогін грек-рим күресі шеберлері қорытындылады. Жарыстың жалпыкомандалық есебінде жергілікті балуандар көш бастады. Алматы облысы екінші, қостанайлықтар үшінші орынға ие болды.
06 Маусым, 2025
Қарызы бар адам құрбандық шалмай ма?
Биыл Құрбан айт мейрамы 6, 7 және 8 маусым күндеріне сәйкес келіп отыр. Осы күндері шамасы жеткен мұсылман баласына құрбандық шалу – уәжіп амал. Алайда ел ішінде «қарызы бар адам құрбан шала ала ма?», «несиеге құрбандық шалуға бола ма?» деген сауалдар жиі көтеріледі. Осы өзекті мәселеге нақты діни түсінік беру мақсатында біз Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ресми өкіліне жүгініп, шариғат тұрғысынан жауап алдық, деп жазады Egemen.kz.
05 Маусым, 2025
Ұлттық музейде Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ұйытқы болуымен мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы-публицист, рәмізтанушы Ербол Шаймерденұлын еске алуға арналған «Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті.
05 Маусым, 2025
«Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесін отандық және шетелдік сарапшылар жоғары бағалады
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыповпен кездесу барысында қордың компаниялары тобында отандық өндірушілерді қолдаудың тиімді жүйесі қалыптасқанын, оның оң нәтижелер беріп жатқанын атап өтті.
05 Маусым, 2025
Отандық дәрі-дәрмек көлемі қайтсе артады?
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырысы өтіп, жиында 2024–2025 жылдары фармацевтика саласында жүргізілген екі аудиттің қорытындысы жарияланды. Сондай-ақ жиында комитеттер жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдап, халықаралық келісімдерді ратификациялауға қатысты мәселелерді қарады.
05 Маусым, 2025
Қазір елімізде негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өтіп жатыр. Талапкерлер өзара «Нағыз ҰБТ» атап кеткен тестілеудің нәтижесімен білім гранты конкурсына қатысады. Сондықтан да дәл бұл кезеңнің үміткерлер мен олардың ата-анасы үшін маңызы зор. Осыған орай біз Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек СЕРІКБАЙҰЛЫмен сұхбат құрған едік.
05 Маусым, 2025
Биыл елімізде Жеңістің 80 жылдығы аясында фашизмге қарсы соғысқа қатысқан ерлеріміздің ерен ерліктері еске алынды. Майдандағы қаһармандығы, бейбіт күндегі маңдай тері жұрт жадында сақталып, құрметке бөленген ардагердің бірі Нұрлыбай Қасымбеков еді.
05 Маусым, 2025
Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейіне Қаныш Имантайұлының жұбайы Таися Сәтбаеваның жұмыста қолданған микроскобы тапсырылды. Құнды жәдігерді Мейіз Сәтбаеваның перзенті, геолог ғалым Александр Третьяков сыйға тартты.
05 Маусым, 2025
Қазақстанда кімдерге рақымшылық беріледі
ҚР Парламентінің Мәжілісі Ата Заңның 30 жылдығына орай сотталғандардың белгілі бір санатына рақымшылық жасау туралы заң жобасын қабылдады. Бұл заң сотталған азаматтардың белгілі бір санатына жазаны жеңілдетуге немесе толығымен босатуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Маусым, 2025
Әскери оқу орындарының 14 үздік түлегі офицерлік шен алды
Елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде жоғары әскери оқу орындарының 14 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Маусым, 2025
Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толады - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде биыл мемлекеттілігіміздің берік тірегі – Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толатынын еске салып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Маусым, 2025
Елтаңба – мемлекеттің тарихи тамырын, мәдени мұрасын айшықтайтын елдік нышан. Осынау қасиетті рәміз әр елдің рухани болмысынан хабар беріп, танымынан сыр шертуі тиіс. Бірлік пен ұлттық рухтың символы саналатын төл Елтаңбамыз 1992 жылы 4 маусымда қабылданған болатын, деп жазады Egemen.kz.
04 Маусым, 2025
Нуну Каштру: Қазақстан футболының төрелігіне жаңа серпін керек
Қазақ футболындағы төреліктің бүгінгі жағдайы көпшілікті алаңдататыны белгілі. Бұл салада түбегейлі өзгерістерді талап етеді. Футбол федерациясының жаңа басшылығы осыдан екі ай бұрын Төрелік және инспекция департаментіне жаңа жетекші – португалиялық маман Нуну Алешандре Паррейра де Каштруды тағайындады. Әңгіме барысында біз маманмен төрешілердің кәсіби даярлығы, VAR жүйесінің артықшылығы мен олқылығы, сондай-ақ УЕФА талаптарына сай реформа жасау бағытында қолға алынған нақты қадамдар жөнінде әңгімелестік.
04 Маусым, 2025
«Қауіпсіз қала» өзін ақтайтын жоба ма?
Павлодар облысы «Қауіпсіз қала» жобасын жасауға 8,5 млрд теңге жұмсамақшы. Алайда Мәжіліс депутаттары бұл қаражат шектен тыс көп деп есептейді. Мәселені салмақтап көрдік.
04 Маусым, 2025
Рәміздер күні қарсаңында Қостанай тұрғындары Елтаңба авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жандарбек Мәлібековпен кездесті.
04 Маусым, 2025
Орталық Азия – Қытай: Жаңа мүмкіндіктерге жол ашу қажет
Қазір Орталық Азия мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылдың стратегиялық архитектурасын қалыптастырып, транзиттік дәліздерді одан әрі дамытудың маңызы зор. Сондай-ақ цифрландыру, жасанды интеллект және инновациялық экожүйелерді құру салаларындағы технологиялық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылмақ. «Орталық Азия – Қытай: аймақтық әріптестіктің жаңа көкжиектері» тақырыбымен өткен талдау орталықтары V форумында осы мәселелер талқыланды.
04 Маусым, 2025
«Қазақ даласын желмаядай кезген жанкешті халық мұрасын жинаушылар» (М.Әлімбай) сапында әйгілі ғалым Қажым Жұмалиев те бар. Келешегін ойлаған мемлекет таланттардан ештеңесін де аяп қалмайды, оның хиуазы он, жүз еселеп қайтады. Алайда құйқылжыған кеңестік зұлым саясат қатарынан озып туған Қажымды да айналып өтпеді.
04 Маусым, 2025
Президент халыққа арнаған Жолдауында «Абай облысын құруды ұсынамын» дегенде, семейліктердің төбесі көкке жетті. Өйткені тарихи тамыры терең көне өңір көбеңсіп бара жатқан. Әлеуметтік ахуалы да соншалықты жақсы емес еді. Облыс болып оңалып кетуіне күмәнмен қарағандар да табылды. Дегенмен бүгінде Абай облысы қоғам өмірінің барлық саласында қалыпты дамып келе жатыр.
04 Маусым, 2025
Жаңа заңға бір жыл толады: тұрмыстық зорлық тыйылды ма?
2024 жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған маңызды заңға қол қойды. 16 маусымнан бастап күшіне енген бұл құжат елдегі отбасылық зорлық-зомбылықпен күресте жаңа кезеңнің бастауы болды. Енді жеңіл дене жарақаты мен ұрып-соғу әрекеттері тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке жатады. Жаңа заңның шеңберінде агрессорға қатысты бұрын болмаған шектеулер: үйден уақытша шығару, алкогольден тыйым салу, міндетті психокоррекциялық курстардан өту сынды шаралар енгізілді. Еркектер неге айрандай ұйып отырған отбасының шырқын бұзып, сүйіп қосылған жарына озбырлық көрсетеді? Тұрмыстық зорлық-зомбылық не себептен туындайды? Жаңа заң қабылданған бір жылға жуық уақыттың ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық қаншалықты азайды? Egemen.kz тілшісі журналистік зерттеу жүргізіп көрді.
03 Маусым, 2025
Қазақстан мәдениетінде өшпес із қалдырған көрнекті жазушы, ақын, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері Адольф Арцишевский дүниеден озды, деп жазады Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Маусым, 2025