Кино • Бүгін, 16:53

Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов туралы фильм жарық көрді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 қазанда Қазақстан кинотеатрларында полицей-қаһарман Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған көркем фильмнің көрсетілімі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов туралы фильм жарық көрді

Фото: informburo_kz

«Капитан Байтасов» — шынайы оқиға негізінде түсірілген көркем туынды. Фильм 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында болған қайғылы жағдайды бейнелейді. Сол күні полиция капитаны Ғазиз Байтасов өз өмірін құрбан етіп, лаңкесті тоқтатып, бейбіт тұрғындарды ажалдан аман алып қалған.

Батырдың бұл ерлігі ел жадында мәңгі сақталып, отансүйгіштіктің, азаматтық парыз бен адалдықтың үлгісіне айналды. Ерлігі үшін Ғазиз Байтасовқа «Халық қаһарманы» атағы берілген. Ол ішкі істер органдарында жиырма жылға жуық қызмет еткен.

Фильмді «Қазақфильм» киностудиясы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша түсірген. Картина патриотизм, азаматтық борыш және құқық қорғау қызметкерлерінің қаһармандығы тақырыптарын ашады.

Көркем туындының режиссері — Даурен Қамшыбаев. Басты рөлдерді белгілі актерлер Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мажит, Дархан Сүлейменов, Қобыланды Болат және «Канн» жүлдегері Самал Еслямова сомдайды.

Драма мен экшн жанрларын тоғыстырған «Капитан Байтасов» көрерменге терең ой мен рухани әсер сыйлайтын, ерлік пен адамгершіліктің шынайы бейнесін көрсететін туынды болмақ.