
Биржаның қызметі мен негізгі бағыты туралы NYSE стратегиялық операциялар және корпоративтік қатынастар департаментінің басшысы Уилл Гудвин айтып берді.
NYSE өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру мүмкіндігіне, сондай-ақ мемлекеттің қатысуымен ірі ұлттық компаниялардың биржаға шығу келешегіне байланысты барлық сұраққа егжей-тегжейлі жауап беріп, сауда-саттықты ұйымдастыру және эмитенттермен өзара әрекеттесу саласындағы тәжірибесімен бөлісті.
Сапар соңында делегация сауда залының жұмысымен және биржаның жұмыс істеу тетігімен танысты.