Оқи отырыңыз
Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы референдумда халық қолдаған Ата заң Қазақстанның жаңа дәуіріне жол ашатынын айтты. Сондай-ақ отандастарымыздың ел тағдырына ортақ жауапкершілік пен бірлік танытқанын ерекше атап өтті.
02 Сәуір, 2026
Павлодарда ауыл мұғалімі Мария Бедрина жолда тұрып қалған көліктерге жол көрсетіп, төрт шақырым жаяу жүрген. Оның батылдығы жерлестерін тәнті етті.
02 Сәуір, 2026
Салық кодексі ережелері талқыланды
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Ақтөбеде «Салық кодексінің тұжырымдамалық мәселелері және оның бизнесті дамытуға әсері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді.
02 Сәуір, 2026
700 білім бағдарламасы жабылып, тың бағыттар іске қосылады
Еліміздің білім жүйесі кадр даярлау ісін экономиканың және технологиялық дамудың заманауи талаптарына сай қайта бейімдеуге бағытталған терең трансформация кезеңіне қадам басты. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің бейнеүндеуінде мәлімдеді.
02 Сәуір, 2026
Қауіпсіздік саласына қатысты заң жобасы қаралды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның кезекті жалпы отырысы өтті. Депутаттар бірінші оқылымда Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметі мәселелері жөніндегі заң жобасы мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерді талқылады. Бұған қоса Мәжілістің салалық комитеттері «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады.
02 Сәуір, 2026
«Моральдық құқығымыз жоқ»: Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 наурызда жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты ел тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық өткізуді ұсынған еді. Бұл шара азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін жекелеген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларға қатысты қолданылады. Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Айдос Сарым жүргізуші куәлігінен айырылғандарды көлік басқару құқығын қалпына келтіруге бағытталған кез келген рақымшылық тетіктеріне енгізуге қарсылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Сәуір, 2026
Көктемгі дала жұмысы қарқын алды
Түркістан облысында биылғы көктемгі егіс науқаны жоспарға сай жүріп жатыр. Шаруалар дала жұмысына ерте кіріскен. Мысалы, өңірдің оңтүстік аудандарында диқандар қаңтарда қырыққабат көшеттерін егеді. Жалпы, биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарына 919 мың гектар жер лайықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 мың гектарға артық. Оның ішінде 536 мың гектарға жаздық дақыл, 208 мың гектарға күздік егіс, ал 175 мың гектарға жоңышқа өсіріледі. Ерте пісетін көкөніс пен картопты 24 мың гектарға егу жоспарланған.
01 Сәуір, 2026
Жасанды интеллектінің әлеуетін арттыруға ең әуелі мол дерек пен соны талдайтын қуатты есептеу жүйесі керек. Айталық, дәрігерге көмектесетін бағдарлама бірінші кезекте медициналық мәліметтерді жинақтайды. Сол секілді жолдағы кептелісті болжайтын жүйе көлік қозғалысына қатысты деректермен жұмыс істейді. Содан соң барып сол ақпаратты саралап, нақты шешім ұсынатын деңгейге көтеріледі. «Astana Hub» алаңында өткен ашық кездесуде осы мәселені шешуге бағытталған нақты мүмкіндік таныстырылды.
01 Сәуір, 2026
Пластик қалдығы пайдаға жарады
Бажайлап қарасаң, айналадағы шашылып жататын полиэтилен пакет пен пластик құтылар қарадай құтыңды қашыратын болды. Жыл сайын Жер шарында миллиондаған тонна пластик қалдық жиналып, флора мен фаунаның табиғи тепе-теңдігін бұзып, тіршілікке тікелей қауіп төндіріп отыр. Біреулері оны өртеп, кейбірі көміп әлек. Алайда оны енді өндірістік кәдеге жаратып, «жасыл» экономикаға жұмсауға болатын тәрізді.
01 Сәуір, 2026
Ұлттық ғылым академиясының академигі, қоғам қайраткері Өмірзақ Айтбайұлы – өмірін қазақ тіл білімі мен мемлекеттік тілдің атқарушы билік пен қоғамның бар саласында орнығуына жұмсаған тұлға. Ғалымның зерттеулері отандық лингвистиканың, соның ішінде терминологияның қалыптасуы мен дамуына арналып, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлынан бастау алатын пән сөздері саласына елеулі үлес қосты. Ғылыми мектеп жасақтап, қазақ терминологиясын жаңа деңгейге көтерді.
01 Сәуір, 2026
Қазір өңірлерде инклюзивті спорт инфрақұрылымдары жеткіліксіз. Бұған қоса бейімді спорт саласында білікті кадрлар тапшы, қажетті бірыңғай тәсілдер мен жұмыс әдістемелері жоқ. Кеше Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысында депутаттар осы мәселені көтерді. Олар салалық ұйымдардың сарапшыларымен бірлесіп, мүгедектігі бар балалар мен ересектерді оңалту жолында инклюзивті спортты дамытудың маңызын талқылады.
01 Сәуір, 2026
Ғылым мен инновация – стратегиялық басымдық
Ел дамуының жаңа кезеңінде ғылым мен инновацияның маңызы бұрынғыдан да арта түсері анық. Бұл бағытты жүйелі түрде дамыту – мемлекеттің басты стратегиялық басымдықтарының біріне айналды. Олжас Бектенов төрағалық еткен Үкімет отырысында жаңа Конституцияда айқындалған елдің ұзақмерзімді даму бағдарымен сабақтас инновацияларды ілгерілету мәселесі жан-жақты қаралды.
01 Сәуір, 2026
Қазақстан – Қытай: Мәдени байланыстардың жаңа кезеңі
Бейжің қаласында Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының ашылуы аясында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Насихат бөлімінің меңгерушісі Ли Шулэймен кездесті.
01 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы нығая береді
Өзбекстанға ресми сапармен барған Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қабылдады.
01 Сәуір, 2026
Абай мұрасы мен «Қыз Жібек» операсы: Қазақстан ЮНЕСКО тізіміне қандай жаңа номинацияларды жолдады?
Үкімет ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Оның жеке бөлімі «Әлем жады» бағдарламасы шеңберіндегі деректі мұраға арналған. ЮНЕСКО тізіміне қандай нысандар енгізілгені және Қазақстаннан қандай номинациялар жіберілгені туралы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
31 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов геологиялық барлау жұмыстарына отандық технологияларды қолдануды тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шетелдік шешімдерге тәуелділікті азайту қажеттігін атап өтіп, геологиялық барлау жұмыстарына отандық технологияларды қолдану жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
31 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов: Ғылымға ұзақ мерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді инвестиция тарту мәселесін көтерді. Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұзақмерзімді инвестиция тартудың жаңа тетіктерін әзірлеу тапсырылды, деп жазады Egemen.kz.
31 Наурыз, 2026
Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та білім алуға ниетті қазақстандық студенттер санының азайғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған визалық шектеулер себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Наурыз, 2026
Жаңа Салық кодексі: Интернет-платформа операторларына қойылатын талаптар өзгермек
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 10-шы отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
31 Наурыз, 2026
Орталық Азия елдерінің Қытай капиталына тәуелділігі: Қазақстан ең төменгі көрсеткішке ие
Орталық Азия елдерінің Қытай капиталына тәуелділігі жыл өткен сайын артып келеді. Десе де, Қазақстан бұл тәуелділіктен айтарлықтай алшақ тұр, деп жазады Egemen.kz.
31 Наурыз, 2026