Оқи отырыңыз
Тасқыннан қауіп аз, дегенмен сақтық керек
Көктемгі су тасқыны қарсаңында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тікұшақпен салалық мамандармен бірге биылғы қарғын судың гидрологиялық қарқынын барлап шықты. Бақылау барысында Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, Есіл, Айыртау, Ақжар, Уәлиханов, Тайынша аудандары, сондай-ақ Үлкен және Кіші Торанғұлға кіретін өзен арналары, Шағалалы өзені, Ақмола облысындағы Сілеті суқоймасының ахуалы сараланды.
01 Сәуір, 2026
Ұлттық мұраны сақтаудың кешенді жоспары
Үкімет ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл құжат ұлттық құндылықтарды сақтау ісін жүйелеп қана қоймай, оны халықаралық деңгейде кеңінен танытуға бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланып отыр.
01 Сәуір, 2026
Салмақты тәсіл: Тарифтік саясат қалай дамиды?
Уақытша шектеулер аяқталғаннан кейін Үкімет теңгерімді тарифтік саясатты іске асыруды жалғастырады. Қолданылатын тәсіл кезең-кезеңімен және атаулы сипатта жүзеге асырылады, күрт әрі экономикалық тұрғыдан негізсіз шешімдер қабылданбайды, деп жазады Egemen.kz.
31 Наурыз, 2026
«Бағанашыл» балалар үйінің бірнеше корпусы сүріліп жатыр: Алматы әкімдігі себебін түсіндірді
Алматы тұрғындары «Бағанашыл» балалар үйі аумағында орналасқан ғимараттардың бірінің бұзылғанын, ал екіншісінің терезесіз қалғанын байқап, видеоға түсіріп алған. Қала әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Наурыз, 2026
Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды
Астана қаласы әкімдігі елордада жаңа 3 мансап орталығы ашылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
31 Наурыз, 2026
Елімізде қанша ғылыми зертхана жұмыс істеп тұр?
Білім беру және ғылыми инфрақұрылымды дамыту шеңберінде қазір елімізде 303 ғылыми зертхана, 62 коммерцияландыру орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп жазады Egemen.kz.
31 Наурыз, 2026
Toyota Land Cruiser алып беремін: Алаяқ елордалық тұрғынның 20 млн теңгесін алып кеткен
Астана қаласында ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша 39 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
31 Наурыз, 2026
Заңсыз жұмыс істеп келген 270 жеке емшара кабинеті жабылды
Денсаулық сақтау министрлігі заңсыз медициналық қызмет көрсету фактілерін және медициналық көмек көрсету кезіндегі стандарттардың бұзылуын анықтау мақсатында республика бойынша жеке емшара кабинеттеріне тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
31 Наурыз, 2026
Елде тұрғын үй құрылысы қарқынын жоғалтқан жоқ. Былтыр пайдалануға берілген баспана көлемі 20,1 млн шаршы метрге жетті. Бұл көрсеткіш құрылыс нарығының тұрақты дамып келе жатқанын аңғартады. Сарапшылардың пікірінше, жеке құрылыс компанияларының белсенділігі мен ірі қалалардағы жоғары сұраныс саланың негізгі тірегіне айналып отыр.
31 Наурыз, 2026
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Астана болашақ құқығын зерттеу орталығына айналады
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осыған орай елордада алдағы 3–4 сәуір күндері екінші «International Legathon MaxUP» заң саласындағы кейс-чемпионаты өтеді. Мазмұнды іс-шараны Maqsut Narikbayev University (MNU) АХҚО Соты, Baker McKenzie және «Kazakhstan Bar Association» қолдауымен ұйымдастырады. Сайыстың тақырыбы «Болашақ құқығы» деп аталады. Байқауға 13 елден 90-нан астам студент қатысады.
31 Наурыз, 2026
Банк табысы азайса, несие пайызы өсе ме?
Еліміздің банк секторында кейінгі жылдары алғаш рет табыс төмендеу үрдісі байқалды. Ұлттық банк жариялаған деректерге сәйкес, биыл қаңтарда банк жүйесінің жиынтық таза пайдасы 13%-ға азайып, 198,5 млрд теңгені құрады. Мұндай жағдай кейінгі 6 жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Осыдан кейін халық «Банктердің табысы азайса, несие пайызы өсе ме?» деп алаңдай бастады.
31 Наурыз, 2026
Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия төрағасы Игорь Рогов, мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, омбудсмендер, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, адвокатура, білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
31 Наурыз, 2026
Жаһанға, жат елдерге ұлтты танытатын да, мойындататын да оның ұландары – ұл-қыздары, азаматтары екені бүкіл әлемде, адамзат, қоғам тарихында ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан, қалыптасқан дүниетаным, дәстүр, қоғамдық пікір. Қандай да мемлекеттің басқа мемлекеттермен әріптестік, достық, бейбіт қатынастарының нәтижелі немесе нәтижесіз болуы да ресми дипломатиялық жолдармен қатар жеке тұлғалардың еңбектері мен жетістіктеріне байланысты.
31 Наурыз, 2026
97 талапкер тестілеуден шеттетілді
2 наурызда басталған Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) бүгінге дейін 117 мыңнан аса адам өтті. Талапкерлердің 71,6 %-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде, 28,3%-ы орыс тілінде, 111 адам ағылшын тілінде тапсырды.
31 Наурыз, 2026
Алматыға қолтырауын-кесіртке әкелінді
Алматы хайуанаттар бағы тағы бір сирек кездесетін жануармен толықты. Енді келушілер әлемдегі ең ірі ағашқа өрмелейтін Сальвадор кеcірткелерін тамашалай алады. Бұл бауырымен жорғалаушының табиғи мекені – Жаңа Гвинея аралы. Табиғатта ол осы өңірде ғана кездесетін көрінеді.
31 Наурыз, 2026
Астанада семсерлесуден әлем кубогі мәресіне жетті. 46 елден келген 500-ге тарта спортшы елорда төрінде тартысқа түсті. Ерлер мен әйелдер арасындағы дүбірлі дода Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) қолдауымен ұйымдастырылды.
31 Наурыз, 2026
Өзбекстанның Бұқара қаласында көкпардан халықаралық турнир өтті. Еліміздің құрамасы іріктеу кезеңінде қарсыластарын ірі есеппен еңсерді. Финалдық тартыста қырғыз көкпаршыларын сүріндіріп, дүбірлі додада жеңіске жетті.
31 Наурыз, 2026
Елімізде жол апатынан болатын өлім-жітім 9,7%-ға азайды
Былтыр жол-көлік оқиғалары салдарынан 51 мыңнан астам адам зардап шеккен. Дер кезінде көрсетілген білікті медициналық көмектің арқасында өлім көрсеткіші – 9,7%-ға төмендеген, деп жазады Egemen.kz.
30 Наурыз, 2026
Цифрлық теңге – инвестициялық құрал емес: Ұлттық банк азаматтарға ескерту жасады
Ұлттық банк азаматтарды цифрлық теңгеге байланысты таралған жалған инвестициялық ұсыныстардан сақ болуға шақырды. Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде жалған жарнамалар арқылы азаматтарды алдау фактілері жиілеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Наурыз, 2026
Көші-қон заңнамасын бұзған 121 шетелдік елден шығарылды
Қоғамдық тәртіпті сақтау және көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында республика аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 7 мыңнан астам шетел азаматтары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Наурыз, 2026