Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Қызылорда қаласының сол жағалауынан бой көтерген 120 пәтерлік екі тұрғын үй пайдалануға берілді. Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысқан салтанатты рәсімде баспана кезегінде тұрған жандарға пәтер кілттері табысталды.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2026
Президенттің биылғы Жолдауында көтерілген түйткілді жайттың қатарында суды үнемдеу мәселесі де бар. «Суды есепке алу технологиясы әбден ескірген. Суды бөліп тарататын орындарда қазіргі заманға сай құрылғылар жоқ. Шын мәнінде, су – стратегиялық маңызы бар ресурс, сусыз өмір жоқ. Сондықтан бұл сала ұлттық цифрлық жаңғыру жұмысындағы басты бағыттың бірі болуға тиіс», деді Мемлекет басшысы.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2026
«Қоянды ауданын құруды сұраймыз!»
Тұрғындар ауыл инфрақұрылымы қазіргі жүктемені көтермейтінін айтады. Астана агломерациясының құрамындағы елді мекеннің бірі – Қояндының арғы тарихы 1962 жылдан басталады. Алайда бұл 2000 жылдарға дейін бір көше бойын жағалай орын тепкен 50–60 түтінді шағын ғана ауыл болатын. 2004 жылы «Жаңа қадам» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен 96 гектар жерге әлемнің тоғыз мемлекетінен келген қандастар қоныстандырылып, іргесі кеңейе бастады. Бүгінде Қоянды – 40 мыңнан аса халқы бар еңселі елді мекен.
Басылым • 07 Қаңтар, 2026
Басқа басылымдардан: Қазақстан негізгі транзиттік дәліздерді дамытып жатыр
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында елдің транзиттік-логистикалық әлеуетінің стратегиялық маңызы мен халықаралық көлік жобаларына қатысуы туралы айтты.
Пікір • 07 Қаңтар, 2026
Заңсыз активтерді қайтару тетіктері күшейеді
Президенттің «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтылған тұжырымдар қоғамдағы көптеген алаңдаушылықты сейілтті. Яғни заңсыз алынған активтерді қайтару тақырыбы мұнымен тоқтамайды, жалғаса береді. Керісінше, ол жүйелі түрде мемлекеттік саясат деңгейіне өтіп жатыр.