Матч 4 маусым күні Косово астанасы Приштинадағы «Фадиль Вокри» стадионында өтеді.
Косово құрамасы ФИФА рейтингінде 120-шы орында тұр. 2016 жылдың мамыр айында Косово құрамасы ресми түрде УЕФА мен ФИФА-ның мүшесі болды.
Косово құрамасы біздің құраманың тарихында 69-шы қарсылас. Еуропалық құрамалардың ішінен Косово 40-шы қарсылас болады.
2018 жылдан бастап Косово құрамасын швейцариялық маман Бернар Шалланд жаттықтырып жүр.