• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Тамыз, 2021

Экс-министр Нұрлан Ермекбаев Президенттен кешірім сұрады

397 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Ұжымға Мұрат Бектановты таныстырған Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа министрдің білімі мен тәжірибесі Қарулы Күштерге жүктелетін міндеттерді орындауға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы оқ-дәрі сақтайтын барлық қоймаларда және басқа да қару-жарақ сақтайтын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде түбегейлі шешім қабылдауды, елді мекендерден алыс жерде оқ-дәрі сақтайтын замануи қоймалар салу жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды.

Жиын барысында отставкаға кеткен бұрынғы министр Нұрлан Ермекбаев сөз сөйлеп, Президенттен, Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың ағайын-туысынан және зардап шеккендерден кешірім сұрады.