• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қыркүйек, 2021

Қазақстанның үш облысында дауыл соғатыны ескертілді

282 рет
көрсетілді

Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

22-ші қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.