• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 12:52

Зеленский: Ресей шабуыл операцияларын жоспарлап, мобилизацияны кеңейтуді көздеп отыр

30 рет
көрсетілді

Украина президенті Владимир Зеленский Бас барлау басқармасының басшысы Олег Иващенкомен өткізген кеңестен кейін Ресей тарапы жаңа шабуыл операцияларын жоспарлап, қосымша адам күшін тартуға дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Владимир Зеленскийдің айтуынша, Украина барлау қызметінің қолында Ресей Қарулы күштері Бас штабының нақты құжаттары бар. 

«Украинаның қорғаныс күштері Ресей армиясының шабуыл әлеуетін жоюды қамтамасыз етіп отыр. Қайтарымсыз шығындардың үлесі жалпы шығынның шамамен 60%-ына жетті», деді Зеленский.

Ол соған қарамастан, Ресей тарапы алдағы уақытта да шабуыл операцияларын жалғастыруды жоспарлап, мобилизация аясын кеңейту арқылы қосымша әскери күш тартуға ниетті екенін айтты.

Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды

Сонымен қатар, Украина президенті серіктес елдерді Мәскеудің НАТО мемлекеттеріне қарсы ықтимал операциялар жоспары және Беларусьті Ресейдің әскери әрекеттеріне көбірек тарту талпыныстары туралы да хабардар ететінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар