2026 жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары республика бойынша мыңдаған жұмыскердің еңбек құқығын қорғап, жалақы берешегін өндіріп алу бағытында нақты шаралар қабылдады. Нәтижесінде 18,5 мыңнан астам азаматтың құқығы қалпына келтірілді, деп жазады Egemen.kz.
1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 140 кәсіпорында 1,1 мыңнан астам жұмыскер алдында 642 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтады. Сонымен қатар тексерулер барысында 2 мыңнан астам еңбек құқығының бұзылуы тіркелді.
Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 1 110 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 136,5 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, әсіресе жалақы қарызын өтеудің нақты мерзімдері мен қатаң кестесін белгілеу арқылы, 7 мың жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 463,3 млн теңге төленді.
Өнеркәсіп қызметкерлері «Наурыз жұмыскер» игілігін көрді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасының сақталуын ерекше бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.
Жалпы, 2026 жылғы 1 сәуірге дейін мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 723 тексеру жүргізіп, оның барысында 2 065 құқықбұзушылық анықтаған. Оның ішінде еңбек қатынастары саласында – 1 735, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 305, халықты жұмыспен қамту бағытында – 25 дерек тіркелген.
Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 17,5 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Елдегі кәсіпорындар жұмыскерлерге 2,3 млрд теңге жалақы төлемеген