• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Ақпан, 2023

Қазақстандық параатлет Дубайда жеңіске жетті

286 рет
көрсетілді

Қазақстандық Руфат Хабибуллин F-64 сыныбында найза лақтыруда 41,83 м нәтиже көрсетіп, алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екінші орынды 40,93 м нәтиже көрсеткен камерундық спортшы иеленді, ал үшінші орынға 32,71 м нәтиже көрсеткен Маврикий спортшысы тұрақтады.

Бұған дейін Қазақстаннан келген спортшы Дастан Мұқашбеков жарыстың күміс жүлдегері атанған еді.

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясы Дубайда 26 ақпаннан 1 наурызға дейін өтеді. Жарысқа әлемнің 61 елінен 545 спортшы қатысып жатыр.