• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Мамыр, 2023

Анна Данилина Париждегі турнирдің жартылай финалына өтті

287 рет
көрсетілді

Жұптық сын бойынша Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Анна Данилина Париж «челленджер» жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисші ресейлік Вера Звонаревамен бірге ширек финалда грузиялық Натела Дзаламидзе – белоруссиялық Лидия Морозовамен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп 1,5 сағаттан астам уақытқа созылған матчта 7:5, 5:7, 10:2 есебімен жеңіске жетті. Олар 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Анна Данилина мен Вера Звонарева финалға шығу үшін оңтүстіккореялық Чан Су Джон – қытайлық Чжаосюань Янмен таласады.