• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қазан, 2023

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтті

238 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетіледі. Ол үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1659 тонна көлемінде 13 түрлі тауар бар.

Сондай-ақ «СК Фармация» ЖШС Ауғанстанға жөнелту үшін дәрі-дәрмектер бөлді. Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық ұлан ұшағымен жіберілді. Жүк бүгін жетуі керек. Қалған гуманитарлық көмекті жеткізу теміржол көлігімен жүзеге асырылады.

Бір күн бұрын Герат провинциясына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ-нің 45 қызметкері жіберілді.

Соңғы жаңалықтар