• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қазан, 2024

«Астана-Семей» бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды

126 рет
көрсетілді

Көлік министрлігі «Астана - Семей» бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Арай Транс KZ» ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды. Олар: екі плацкарт және бір купе. Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен жабдықталған.

Айта кетейік, биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.