• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Қараша, 2024

Әлем кубогі кезеңі: Семсершілер ширек финалға жетті

120 рет
көрсетілді

Швейцарияның Берн қаласында семсерлесуден өткен әлем кубогінің кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша 7-орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, командалық жарыста медаль үшін сайысқандар: Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Руслан Құрбанов.

1/16 финалда біздің семсершілер Данияны 31:30 көрсеткішімен жеңіп, келесі кезеңде Украинаны 33:32 есебімен тізе бүктірді.

Ал ширек финалда Қазақстан спортшылары Венгрияға есе жіберді. Содан соң 5-8 орындарға таласу бойынша Қазақстан Швейцариядан жеңілді.

Нидерланд құрамасымен 7 орын үшін сайыста отандастарымыз 45:40 есебімен жеңіске жетті.