• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Бокс 02 Желтоқсан, 2024

Азия чемпионаты: Ертең шаршы алаңға Махмұд Сабырхан шығады

120 рет
көрсетілді

Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының төртінші жарыс күнінде ел намысын 3 боксшы қорғайды, деп жазады Egemen.kz.

Олар Қазақстан ерлер құрамасы сапынан Махмұд Сабырхан мен әйелдер құрамасынан 63 келіде Аида Әбікеева, 66 келіде Милана Сафронова.

Құрлық чемпионаты аясындағы бұл жекпе - жектер 3 желтоқсан күні, сағат 12:00-де басталады. 

54 келіде Махмұд Сабырханның  қарсыласы тайпейлік Лай Ян-Лин болса, Әбікеева өзбекстандық Бекова Дилфузамен қолғап түйістіреді. Сафронава да тайпейлік Ли Минге қарсы шаршы алаңға көтеріледі.