• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Қаңтар, 2025

Қазақстанның 9 азаматы Ресейде жол апатына ұшырады

135 рет
көрсетілді

Оқиға Самара облысы аумағындағы Самара – Большая Черниговка тасжолының 101-шақырымы тұсында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ақпарат 5 қаңтарға қараған түні түскен. Апат салдарынан 2-еуі қайтыс болған (олардың мәйіті Қазақстанға жеткізілді). 7-еуі зардап шеккен, оларда орташа ауырлық дәрежесіндегі жарақаттар тіркелген.

7 қаңтар күні таңертең зардап шеккен 7 адам, оның ішінде 2 бала жедел жәрдеммен Оралдағы қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларға жеткізілген.

ТЖМ мәліметінше төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 23 адам және 8 бірлік техника тартылған автоколоннаны Оралдан шекара өткеліне дейін және қарсы бағытта алып жүру үшін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған.