• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қаңтар, 2025

Каратэші Мөлдір Жаңбырбай әлемдік рейтингте көш бастады

103 рет
көрсетілді

Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) жариялаған жаңартылған рейтингтік кесте-тізімде қазақ қызы Мөлдір Жаңбырбай бірінші тұрғаны мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске салайық, Мөлдір Жаңбырбай – каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы (2023 жыл). Ол сонымен қоса, Азия додаларында бірнеше рет бірінші, екінші орындарды жеңіп алған.  

1bol.kz ақпаратынша жуырда Парижде өткен халықаралық рейтингтік Каратэ1 Премьер Лигасында қола жүлде олжалаған Мөлдір Жаңбырбай 50 келі салмақта әлемдік рейтингте 5490 ұпаймен көш бастап тұр.

Әлемдік рейтингтегі (-50) келідегі ТОП-5 каратэшілер:

Мөлдір Жаңбырбай (Қазақстан) – 5490 ұпай

Иоргелис Салазар (Венесуела) – 5350

Эма Сгарделли (Хорватия) – 3312

Наталия Варгова (Словакия) – 2732

Реем Ахмед Салама (Египет) – 2475

 

Соңғы жаңалықтар