2025 жылғы 2 ақпанда сағат 16:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай облысы:- «Өскемен-Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығы (Семей қаласы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы); Шығыс Қазақстан облысы: «Өскемен-Семей» автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы-Абай облысы шекарасы); - «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ» автожолының 1125-1191 шақырым аралығы (Предгорное ауылы бұрылысы-Шемонаиха қаласы); - «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ» автожолының 1194 -1212 шақырым аралығы (Шемонаиха қаласы-РФ шекарасы); 2025 жылғы 3 ақпан сағат 06:00-де жолды ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.