Мереке күндері елордалық емханалар мен ауруханалар әдеттегідей жұмыс істейді. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
— Елордалық ауруханалар қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік мамандандырылған палаталарды бөлу арқылы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық әзірлік қамтамасыз етілді, — деп хабарлады Астана әкімдігі.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында кезекші дәрігерлер сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Фильтр бөлмелері сағат 8:00–ден 20:00–ге дейін жұмыс істейді, қоңыраулар 8:00–ден 16:00–ге дейін қабылданады.
103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Тәулік бойы хабарламалар мен қоңыраулар қабылданады.