Әдетте үйде не мұражайда тұратын жүзік, сырға, түрлі әшекейлер – жай ғана жер қойнауындағы кен емес. Бұлар – ғарыштағы екі нейтрон жұлдызының соқтығысуынан пайда болған металл.
Алып жұлдыздардың жойылып кеткеннен кейінгі қалдығы нейтрон жұлдызы деп аталады. Ол кішкентай болса да, өте ауыр. Егер осындай екі нейтрон жұлдызы бір-біріне жақындап, соқтығысатын болса, аспанда нағыз жарылыс болады. Ғалымдар бұл құбылысты «кило-нова» деп атайды. Соқтығыс кезінде алтын, платина, уран, күміс сияқты бағалы ауыр металдар түзіледі. Олардың бір бөлігі жұлдыздың ішінде қалып, қалғаны ғарышқа шашырап кетеді. Ғалымдардың есебінше, бір соқтығыстан Жердің массасынан он есе көп алтын пайда болады.