• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Руханият Бүгін, 17:30

Ардагерлер жайлы жаңа кітап шықты

40 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында «Майдангерлер. Боздақтар» атты жаңа кітап оқырманға ұсынылды деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақжайық ауданының майдангерлері жайлы алғашқы жинақ 2010 жылы жеңістің 65 жылдығына орай «Майдангерлер» мен «Боздақтар» атты екі том болып жарық көрген болатын. Қос кітапқа 4000 боздақ пен 2000 майдангердің есімі енді. Ал тарихқа келсек, бұрынғы Чапаев және Тайпақ аудандарынан майданға 11800 адам аттанған екен. Ендеше талай есім кітапқа енбей қалғаны ақиқат. Кітап авторы – белгілі өлкетанушы, Ақжайық ауданының Құрметті азаматы, жидашы-қаламгер Бақтығали Қоспаев араға 15 жыл салып қайта басылған бұл жинақта архив құжаттары негізінде көптеген тың мәлімет қосылғанын айтады.

Жаңа жинақтың тұсаукесер шарасына Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және оқырмандар қатысты. Құнды кітаптың лентасын аудан басшысы мен тыл және еңбек ардагері Ғилаж Лұқпанов кесті.

Кітап екі тараудан тұрады. Оның бірінде аудан аумағынан майданға аттанған сарбаздар туралы дерек қамтылған. Бұрын Чапаев ауданының құрамында болған Сарыөмір ауылының 350 жауынгері бірінші рет кіріп отыр. Ал екінші тарауда ҰОС ардагерлерінің, олардың ұл-қыздарының соғыс туралы естеліктері, соғыстың оты шарпыған Орда ауданынан көшіп келген халықтың жазбалары, жауынгерлердің майданда жазған күнделіктері қамтылған. Сонымен бірге кітапта әскери құжаттар, сарбаздардың марапат қағаздары да жарық көрген.

 Батыс Қазақстан облысы