• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 12:20

Гимнастар финалға жолдама алды

30 рет
көрсетілді

Спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында Challenge Cup сериясының кезеңі басталып, алғашқы іріктеу күні Қазақстан құрамасынан екі спортшы финалға өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақ спортшысы Зейнолла Ыдырысов үздік нәтижемен (14,233 ұпай) бірінші орынды иеленсе, тағы бір отандасымыз Диас Тойшыбек те финалға өтті, ол 13,600 ұпаймен төртінші орынның нәтижесін көрсетті.

Аталған екі спортшы да финалға жолдаманы жарыстың «ат снаряды» бағдарламасының іріктеу кезеңінде алды.

Айта кетелік, аталған бағдарлама бойынша финалдық сайыстар осы айдың 17-18 күндері өтеді.

Соңғы жаңалықтар