• RUB:
    6.37
  • USD:
    510.59
  • EUR:
    578.91
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 15:40

Қарағандыда мәдениет саласының үздіктері марапатталды

20 рет
көрсетілді

Мәдениет пен өнер саласының үздік қызметкерлеріне Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы табысталды. Кәсіби мереке қарсаңында аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев мерейлі мерекемен құттықтап, тілегін білдірді, деп жазады Egemen.kz.

2025 жылы Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер саласындағы сыйлығының лауреаттары:

- «Жыл әртісі» – Бауыржан Нұрмағанбетов, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театры;- «Жыл әртісі» – Светлана Федоренко, К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры;- «Жылдың классика жанрының вокалисі» – Рысты Рахымжан, Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерт бірлестігінің «Арай» ансамблі;- «Халық әнін үздік орындаушы» – Сержан Мұсайын, Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерт бірлестігі; - «Жылдың эстрада жанрының вокалисі» – Әсел Қарабаева, Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерт бірлестігінің «Мерей» ансамблі; - «Үздік айтыскер» – Еркеғали Бекболат, суырыпсалма ақын, журналист;- «Жылдың үздік инструменталисі» – Қайрат Омаров, Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің әртісі; Жанна Шестакова, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының концертмейстері.- «Жылдың үздік жеке аспапта орындаушысы» – Арман Айнабаев, Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерт бірлестігінің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің әртісі; - «Жыл хореографы» – Светлана Харченко, Теміртау мәдениет сарайының «Глория» үлгілі хореографиялық ансамблінің жетекшісі;- «Балет және хореографиялық ұжымның үздік әртісі» – Нұргүл Мұстафинова, Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерт бірлестігінің «Аққу» хореографиялық ансамблі; - «Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» – Амангелді Шахарбаев, Нұра аудандық мәдениет үйінің концертмейстері;- «Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы» – Дариға Біләлова, Бұқар жырау ауданы Доскей ауылының клуб-кітапханасын ұйымдастырушы;- «Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі» – Валерий Роголев, Кеншілер мәдениет сарайының вокалдық-аспаптық ансамблінің жетекшісі;- «Үздік архивист» – Әсел Балпанова, Бұқар жырау ауданының мемлекеттік мұрағат қорының бас сақтаушысы;- «Ауылдың үздік кітапханашысы» – Шолпан Қамышева, Абай ауданы Құрма ауылының кітапханасы;- «Үздік кітапханашы» – Айжан Исина, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі;- «Алтын жолақ» – ақын Ерқанат Кеңесбек; Ерсін Мұсабек, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы;- «Үздік музей қызметкері» – Гүлім Сыздықова, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің меңгерушісі;- «Техникалық қызметтердің үздік қызметкері» – Мейрам Аязбаев, К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры сахнасының машинисі; Мейірман Әбдірахманов, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театрының жөндеу цехының меңгерушісі;- «Көркемдік-қойылым бөлімінің үздік қызметкері» – Алма Күлмағамбетова, Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерт бірлестігінің костюм меңгерушісі; Ерлан Молдалим, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының ұстасы;– «Мамандыққа адалдығы үшін» – Жанета Алдыханова, Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерт бірлестігінің Е.Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрінің әртісі.