• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Білім 04 Маусым, 2025

Инклюзивті білімде жаңа ереже қабылданды

60 рет
көрсетілді

Елімізде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің ережелері бекітілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру, инклюзивті және арнайы білім беруді жүйелі түрде нығайту аясында Оқу-ағарту министрлігі «Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі ережелерін бекіту туралы» жаңа бұйрықты қабылдады. Құжат арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің бірыңғай жүйесін құруға бағытталған.

Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева жаңа өзгеріс жөнінде: «Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі (ППС) – білім беру процесінің қатысушыларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін алқалы орган. Бұл оқушылардың, соның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етеді, олардың оқу мотивациясын, үлгерімін, шығармашылық әлеуетін және кәсіби өзін-өзі анықтауын дамытуға ықпал етеді», деп пікір білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар