• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 11:40

Волейболшы қыздардың жеңіс жолы жалғасты

10 рет
көрсетілді

Вьетнамның Ханой қаласында волейболдан әйелдер құрамалары арасында AVC Ұлттар кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқы екі партияда Қазақстан құрамасы (капитаны Сана Анарқұлова) айқын басымдылық (25:17, 25:12) көрсетсе, үшінші партия – 26:24. Жалпы есеп – 3:0.

Еске салайық, Филиппин, Иран, Индонезия, Моңғолия, Жаңа Зеландия командаларымен бірге В тобына түскен Қазақстан құрамасының бастапқы кездесуі Жаңа Зеландиямен (3:0) өтті, ал одан кейін Моңғолия спортшыларын 3:1 көрсеткішімен ұтты.

Осылайша, қатарынан үш бәсекеде жеңіске жеткен Қазақстан өз тобында көш бастап келеді.

Ришат Гилязутдиновтің шәкірттері 11 маусымда Иранмен, ал 12 маусымда топтағы шешуші кездесуін Филиппин құрамасымен өткізеді.