• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Қылмыс Кеше

Қызылордада иісшіл иттер көмегімен 112 қылмыс ашылды

30 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығындағы иісшіл иттердің қылмыс ашуда көмегі көп, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмысты анықтауға, із кесуге, есірткі мен жарылғыш заттарды іздестіруге және одорологиялық сәйкестендіруге қатысатын олар күшік кезінен арнайы оқу-жаттығу курстарынан өтіп, белгілі бір бағыттағы құқық бұзушыларды анықтауға мамандандырылған.

Иісшіл иттер көмегімен жыл басынан бері 112 қылмыс әшкереленіпті. Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері былтыр өздеріне бекітілген қызметтік іздестіру иттерімен ІІМ-нің Алматы қаласындағы Кинологиялық оқу орталығында есірткі затын іздеу және адам иісі бойынша ізге түсу біліктілікті арттыру курстарын аяқтады.

«Қызметтік иттер тек адал серік қана емес, сонымен қатар қылмыстарды ашу бағытында, жоғалған адамдарды іздеу және тыйым салынған заттарды анықтау сияқты маңызды міндеттерді атқаратын нағыз көмекшілер. Олардың иістерді ажырата білуі, жасырылған есірткіні немесе жарылғыш заттар мен қаруды анықтау және іздерді табу қабілеті көбіне қылмыстарды ашуда маңызды рөл атқарады. Полицейлерлің сенімді көмекшілері 1030 жедел шараға қатысып, құқық қорғау органдарының жұмысында өздерін таптырмас дос екендігін дәлелдеді»,- дейді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары. полиция полковнигі Серік Тоқтыбаев.