• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:57

Әлеуметтік инспекторлардың нәтижелі қызметі

20 рет
көрсетілді

Әлеуметтік кодекстің күшіне енуімен қатар, 2023 жылы елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді. Олардың құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі бағдарламаларды бақылау жұмыстарын жүзеге асыру, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау кіреді.

Бүгінде әлеуметтік инспек­тор­лардың қызметі оң нәти­же беріп отыр. Мәселен, Еңбек және әлеуметтік қор­ғау министрлігінің ресми мә­лі­мет­теріне сәйкес, 2025 жылдың ба­сынан бері әлеуметтік инспек­торлар 430 тексеру жүргіз­ген. Оның 201-і жоспардан тыс, 99-ы профилактикалық ба­қы­лау шеңберінде, 130-ы про­куратураның талабымен жүр­гізілді. Тексеру барысында анық­талған бұзушылықтарды жою туралы 192 ұйғарым берілді, 28,8 млн теңгеден астам сомаға 341 айыппұл салынды.

Мемлекеттік бақылаумен 17 әкімдік, 86 жергілікті атқару­шы органдардың бөлімдері мен басқармалары, 47 мемлекеттік мекеме, 16 балабақша, 52 мектеп, 9 колледж, лицейлер, 21 аурухана, емханалар, 18 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, 33 автобус парктері, авто/темір жол вокзалдары, әуежайлар, 34 дүкен, 5 сауда үйлері, 11 кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер, 1 полиция пункті, 5 стоматология, 1 кітапхана, 7 мәдениет үйлері, 2 архивтер мен музейлер, 3 санаторий, 2 пошта қызметі бөлімшесі, 10 спорт мектептері, 1 нотариус, 6 банк, 2 оңалту орталығы, өзге де 23 нысан қамтылды.

Бір ғана мысал, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не комиссияның қабыл­дау тәртібін сақтауы, Әлеумет­тік қызметтер порталында жет­кізушілерді тіркеу, тіркеуден шығару мәселесі жөнінде жос­пардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша субъектіге ұйғарым шы­ғарылды. Бұл ретте, әлеуметтік инспекторлардың айтуынша, өңірде мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеуде оң өзгерістер бар. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растап отыр.

«№3, №4 қалалық емхана­лар­дың аумағында мүгедектер­ге арналған көліктер тұрағы бар, кіреберіс пандустармен­ жабдықталған. Емхана ғимарат­тарының кіреберісіне көзі нашар көретіндер үшін мнемос­хе­малар, ғимараттардың өзін­де тактильді жолақтар, мүм­кіндігі шектеулі жандарға ар­нал­ған санитарлық-тұрмыс­тық­ бөлмелер қарастырылған. «Баян­­тау» спорт сарайы, «Авто­мо­билист» спорт кешені, «Olim­pic» бассейнінде ерекше қажет­ті­лік­тері бар адамдардың спортпен шұғылдануына барлық жағ­дай жасалған», дейді Пав­ло­дар қа­ласының тұрғыны, бірін­ші топ­тағы мүгедек Юлия Петрусева.

Айта кету керек, профилакти­калық бақылауды жүзеге асыру барысында алғашқы бұзушылық анықталған жағдайда меншік иелеріне алдымен оларды жою туралы ұйғарым шығарылады. Белгіленген мерзімде ұйғарым жойылмаған жағдайда, сот тәртібімен айыппұл салу жүзеге асырылады.