• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 08 Шілде, 2025

Қазақстан ет сатып 500 млрд теңге табыс табады

90 рет
көрсетілді

Қазақстанда ет экспортын жылына 50 мың тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Министрдің айтуынша, етті мал шаруашылығында австралиялық тәжірибе енгізілетін жобалар арқылы жыл сайын шамамен 500 млрд теңге көлемінде табыс түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекет 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлаған. Оларға 29,3 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

Сонымен қатар, министрлік сүт-тауар фермаларын жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Жылдық 2,5% мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген кредиттер ет бағытындағы шаруашылықтарға да қолжетімді болады. Қазіргі уақытта 116 сүт-тауар фермасын салу жоспарланған. Оның 69-ы пайдалануға беріліп, тағы 47-сі құрылыс сатысында.

Бұл шаралар ауыл шаруашылығын дамытуға, ет және сүт өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.