Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың Әбу-Даби (БАӘ) қаласында өтетін UFC on ABC 9 турниріндегі қарсыласы ауысты, деп жазады Egemen.kz.
Алдын ала жоспар бойынша, Асу Алмабаев Абу-Дабиде өзбекстандық Рамазан Теміровпен күш сынасуы тиіс еді. Алайда қарсыласы белгісіз себеппен жекпе-жекке шығудан бас тартты.
Енді отандасымыз 26 шілдеде аталған турнирде Перу елінің өкілі Хосе Очоамен (7-1, UFC бойынша 1-1) кім мықтыны анықтайды.
Асу 1994 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Аралас жекпе-жек жауынгері UFC демеушілігімен аса жеңіл салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүр.