• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 18:41

Балмұздақ бағасы қымбаттап тұр

20 рет
көрсетілді

Биылғы екінші тоқсанда балмұздақтың бағасы 13,5%-ға өсті. Бұл – азық-түлік инфляциясынан жоғары көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz. 

Бағаның өсуіне негізгі себеп – өндіруші кәсіпорындардың өз бағаларын 16,9%-ға көтеруі. Сонымен қатар, импорттық өнім де 10%-дан астам қымбаттаған.

Нарықтағы балмұздақтың 85%-ға жуығы – отандық өнім. 2024 жылдың алғашқы төрт айында елде 16,6 мың тонна балмұздақ өндіріліп, оның 15,3 мың тоннасы ішкі нарықта сатылған. Экспорт көлемі 41,6%-ға артқан.

Жыл басынан бері тұтыну көлемі де өсті. Әр қазақстандық орта есеппен 1,8 кг балмұздақ жеген. Жазғы маусымда бұл көрсеткіш 9 дана балмұздаққа тең келеді.