Қырғызстанның бас шаһары Бішкекте күрес түрлерінен 20-ға дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақ балуандары 12 жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Грек-рим күресі:
Алтын алғандар: Сейтқалиев Диас (82 кг) және Тұрдақын Темірлан (87 кг).
Күміс жүлдегер: Дүйсембек Омар (77 кг).
Қола медаль иегерлері: Шамилов Есбол (63 кг) және Дурсунов Алихан (72 кг).
Әйелдер күресі:
Қолаға қол жеткізгендер: Стратан Анна (57 кг) және Мақсат Мейрамгүл (72 кг).
Еркін күрес:
Алтын медаль таққан: Қасымбек Едіге (125 кг).
Күміс жүлдегерлер: Айтанов Нұрданат (57 кг) және Куруглиев Камиль (97 кг).
Қола жеңіп алғандар: Оралбек Алан (61 кг) және Құл-Ғайып Досжан (74 кг).