• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 15:43

Атырауда Губкин университеті филиалына қабылдау емтиханы басталды

40 рет
көрсетілді

Атырауда алғаш рет С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің (UTEBAYEV UNIVERSITY) базасында ашылған И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалына талапкерлерді қабылдау емтихандары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл – инженерлік білім берудің жаңа кезеңін айқындайтын және халықаралық деңгейдегі мамандарды отандық негізде даярлауға бағытталған ауқымды жоба. Аталған филиалға 2025–2026 оқу жылына қабылдау конкурстық негізде өткізіліп жатыр. Талапкерлер математика және орыс тілі пәндерінен жазбаша емтихан тапсыруда. Емтиханға қатысу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификаты талап етілмейді. Сонымен қатар, білім алуға ниетті талапкерлер үшін ақылы негізде оқуға түсу мүмкіндігі де қарастырылған.

Филиал үш негізгі білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлайды, олар: мұнай-газ құбырлары мен сақтау қоймаларын салу және пайдалану, мұнай-газ технологиялары, кен орындарын геологиялық модельдеу.

-Жаңа оқу жылына жалпы саны 100 грант бөлінді. Бұл – мұнай-газ секторына қызығушылық танытқан жастар үшін зор мүмкіндік, - дейді UTEBAYEV UNIVERSITY Басқарма төрағасы–ректоры Гүлзада Шакуликова.

Губкин университетінің филиалын Атырауда ашу – мұнайлы өңіріміз үшін үлкен жетістік. Бұл – жастарымызға әлемдік деңгейдегі сапалы білімге қол жеткізуге берілген нақты мүмкіндік. Біз осы серіктестік арқылы болашақ инженерлер мен кәсіби мамандарды даярлауда жаңа белеске қадам басып отырмыз. Қабылдау емтихандарын И.М. Губкин атындағы университеттің тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы жүргізуде.