• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауыл Кеше

Шақпақатада футбол алаңы пайдалануға берілді

10 рет
көрсетілді

 

Жуалы ауданына қарасты Шақпақата ауылында заманауи үлгідегі шағын футбол алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауылдың орталық көшесінде орналасқан бұл спорт нысаны жасанды төсенішпен жабдықталып, түнгі уақытта да спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін жарық шамдарымен қамтамасыз етілген.

Алаңның ашылуы – ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл нысан ауыл балалары мен жастар үшін пайдалы әрі қауіпсіз орта қалыптастырып, бос уақытты тиімді өткізуге жол ашып отыр.

«Осындай заманауи үлгіде футбол алаңшасы салынғанына қуаныштымыз. Жастар бос уақытын тиімді пайдаланып, спортпен жиі шұғылданатын болды. Жалпы, ауылымызда халыққа пайдасы тиетін әлеуметтік нысандар көптеп салынуда» – дейді ауыл тұрғыны Пернебек Бердімбетов.

Футбол алаңының құрылысын «Сити құрылыс» ЖШС жүргізген. Жаңа алаңның ашылу салтанатына орай ауыл жастары арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылып, жеңімпаз командаларға сыйлықтар табыс етілді. 

Жамбыл облысы