• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:29

«Мектепке жол» акциясы аясында 4000-нан астам оқушыға көмек көрсетілді

30 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді мекенінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мектеп жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәрмеңкеге аудан орталығында кәсібін дөңгелетіп отырған 70-тен астам кәсіпкер атсалысып, жаңа оқу жылына қажетті мектеп формаларын, спорттық киімдерді, кеңсе тауарларын және өзге де қажетті құрал-жабдықтарды нарықтағы бағадан төмен, қолжетімді бағада ұсынды. Сондай-ақ, жаны жомарт азаматтар жәрмеңке барысында 310 балаға қосымша қолдау көрсетіп, ақшалай қаражатпен қатар киім-кешек және мектепке қажетті кеңсе тауарларын табыс етті. Айта кетелік, аудан бойынша 5 санатқа жататын 3 450 мектеп жасындағы баланың ата-аналарының шотына 46 228 теңге көлемінде қаржы аударылды.

Осындай игі іс-шара Төлеби ауданында да өтті. «Мектепке жол» республикалық акциясы және «Amanat» партиясының «Баланы мектепке дайындайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында аудан орталығындағы бірқатар мектептің 120 оқушысына мектеп сөмкелері мен қажетті оқу құрал-жабдықтары тарту етілді. Сыйлықтар мектеп басшылықтарына табысталды. Бұл жолғы ерекшелік – оқу құралдары мен сөмкелер оқушыларға өз мектептері арқылы табысталатын болады.

Ұйымдастырушылар бұл қадам – балаларға деген құрмет пен мектеп ұжымының беделін арттыруды көздейтінін айтады.