Қырыққабат күз мезгіліндегі ең пайдалы өнімдердің бірі: оның құрамындағы С дәрумені мол, ал шырыны қабынуға қарсы әсер береді. Бұл туралы дәрігер-терапевт Анастасия Якимова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маманның айтуынша, қырыққабатта С дәрумені лимоннан да көп: 100 грамында тәуліктік норманың 70%-ына дейін бар. Бұған қоса, қырыққабат шырыны жараның жазылуына және асқазан қабынуларында қолданылады.
Дәрігердің мәліметінше, жаңа жапырағында С, K және В тобы дәрумендері, органикалық қышқылдар мен микробтарға қарсы әсері бар фитонцидтер кездеседі. Алайда қырыққабат шырыны медициналық емді алмастырмайды, тек қосымша құрал ретінде қарастырылуы керек.