Ұлыбританияның Уилтшир графтығында төтенше жағдай орын алды. Суиндон қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан қоймада күшті жарылыс болып, артынша алапат өрт тұтанған. Қазір оқиға орнында шұғыл қызметтердің күшейтілген тобы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Sky News-ке сілтеме жасап.
Полиция таратқан ресми ақпаратқа сай, қоймаға жақын аудандардағы тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр. Ал көршілес кварталдарға эвакуация жасалмайды. Дегенмен құқық қорғау органдары халыққа үйлерінен шықпауға, терезелерін жабуға және апат аймағына бармауға кеңес берген.
Өрт сөндіру қызметі 10-нан астам арнайы техниканы жұмылдырған. Олардың қатарында биік ғимараттарға арналған автосатылар мен су таситын машиналар бар. Құтқарушылар өртті ауыздықтауға тырысып жатыр.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарға сәйкес, жарылыстың қатты дүмпуі қаланың көптеген бөлігінде сезілген.
Қазіргі таңда жарылыстың неден шыққаны анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.