• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Бүгін, 08:17

Тазалық жұмысы жалғасады

20 рет
көрсетілді

Жетісуда «Таза Қазақ­стан» экологиялық акциясы жүйелі түрде жү­зеге асырылып келеді. Өңірдің көркін келтіріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағыт­талған бастама қазірдің өзінде айтарлықтай нәти­же беріп отыр.

Биыл 2 орталық алаң жа­ңар­тылып, ескерт­кіштердің 97%-ы қал­пына келтірілген. Балалардың ойын, спорт алаңдарын жөндеу көрсеткіші – 95%, саябақтарды абаттандыру – 84%, көпқабатты үйлердің шатырларын жөндеу – 76%, аллеяларды абаттандыру 66% деңгейінде орындалды.

Жалпы, жыл соңына дейін облыс аумағында 21 саябақ, 6 аллея, 2 гүлзар, 49 аула, 81 балалар мен спорт алаңы абаттандырылуға тиіс. Қазірде олардың басым бө­лігінде құрылыс жұмысы аяқ­талды. Сонымен қатар көп­қабатты тұрғын үйлердің 59 шатыры, 13 қасбеті жаңартылды. 70 ескерткіш қайта қалпына келтіріліп, 7,9 шақырым арық жүйесі реттелді. 152 шақырым көше жолдарына заманауи жарық шамдары орнатылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 151 мыңнан астам адам қатысқан сенбіліктер ұйым­дастырылып, 11 мың тоннадан астам қоқыс шыға­рылды. Жоспарға сәйкес жыл соңына дейін 120 мың түп ағаш отырғызылады, оның 56 мыңы көктемде, қалған бөлігі осы күзде егіледі», деді облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев.

Жергілікті бақылау қызметі мен «Ғарыш сапары» спутниктік порталының дерегінше, облыс аумағында 618 рұқсатсыз қоқыс үйін­дісі анықталған. Оның 93%-ы жойылып, қалған орындарда жұмыс жалғасып жатыр.

Тазалық пен тәртіпті ынталандыру мақсатында облыста «Үлгілі елді мекен», «Таза аудан ор­талығы», «Таза ауыл», «Таза аула» байқаулары өткізіледі. Бұл бастамалар ауыл мен қала­ның ажарын аша түсуге серпін береді. Мәселен, Панфилов ауданының Талды ауылы «Үлгілі ауыл» республикалық байқауына ұсынылса, Сарқан ауданындағы «Қойтас» саябағы гүлзарлар ара­сындағы республикалық сынға жолдама алды.

«Полиция департаменті та­залық рейдтерін жалғастыра береді. Сондай-ақ құрылыс, жөн­деу жұмысы жүріп жатқан нысан­дардың айналасын ретке келтіру, аялдамалар мен жаяу жүр­гіншілер өткелдерін жаңар­ту, орман, саябақ қорларын күтіп-баптау, жасыл желектерді цифр­ландыру күн тәрті­бінен түспейді», дейді облыс әкі­мінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев.

Осынау игі істердің барлығы өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып қана қой­май, экологиялық мәдениетті қа­лыптастыру мен дамытудың