• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:42

Шымкентте интернет алаяқтардың қылмыстық тобы қолға түсті

10 рет
көрсетілді

Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері киберқылмысқа қарсы күрес бастады. Соның аясында Шымкент, Алматы қаласы мен Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді. Тексеру барысында күдіктілердің интернет-алаяқтықтың 9 жайтына қатысы бар екені анықталды. Келтірілген материалдық шығын жалпы сомасы 141 миллион теңгеден асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арнайы операция кезінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қолға түсті. Олар осы қылмысты ұйымдастырып жүрген топ басшысы, дропперлерді тартумен айналысқан екі күдікті сондай-ақ қолма-қол ақша алып, ұйымдастырушыға жеткізіп отырған тасымалдаушы. Осы іске қатысты қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде.

Айта кету керек қылмыскерлерді ұстау іс-шарасы қалалық прокуратураның үйлестіруімен қолға алынды. Полиция департаменті мамандарының айтуынша 16 қыркүйектен бастап елімізде банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жасаған азаматтарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.