• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау Бүгін, 14:59

Рудный қаласының прокуроры тағайындалды

40 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Асқар Бурбаев Рудный қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Болатұлы 1986 жылғы 29 маусымда Ақтөбе қаласында туған, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек қызметін 2009 жылғы қаңтар айында ішкі істер органдарында бастаған, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы лауазымында жұмыс істеген.

2009 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы қаңтарға дейін Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасының жол-көлік оқиғаларын тергеу бөлімінде анықтаушы болып қызмет атқарған.

2012 жылғы қаңтарда прокуратура органдарына ауысып, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокурорының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған.

2013 жылғы қаңтарда – «Сарыарқа» ауданы прокурорының аға көмекшісі, ал 2015 жылғы маусымнан бастап – Астана қаласы прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры қызметін атқарған.

2017 жылғы қазаннан 2022 жылғы ақпанға дейін қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықтың жай-күйін талдау басқармасында прокурор және аға прокурор, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен қылмыстық қудалау заңдылығының сақталуын қадағалау қызметінде жұмыс істеген.

2022 жылғы ақпаннан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен қылмыстық қудалау заңдылығының сақталуын қадағалау қызметінің қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықтың жай-күйін талдау басқармасының аға көмекшісі болып қызмет атқарып келеді.

Прокуратура органдарындағы жалпы еңбек өтілі – 14 жыл. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Қостанай облысы