Солтүстік Корея гипердыбыстық зымырандарды сәтті ұшырып, әлемдік қауымдастықты тағы да елең еткізді. Ким Чен Ынның қатысуымен өткен бұл сынақтар АҚШ-тың Венесуэладағы әскери операциясымен және Николас Мадуроның сотқа тартылуымен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ Венесуэланың астанасы Каракасқа әуе соққыларын жасады
Reuters агенттігінің сарапшылары бұл сынақты Пхеньянның Вашингтонға берген сесі деп бағалайды. Корей ұлттық бірігу институтының маманы Хон Миннің айтуынша, Ким Чен Ынның «соңғы дағдарыс» туралы сөзі АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған әскери соққыларына тікелей қатысты. БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Венесуэладағы жағдайға байланысты шұғыл отырыс өткізеді Айта кетейік, бұл сынақтар Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы АҚШ-қа жеткізіліп, 2026 жылдың 5 қаңтарында федералды сот алдында жауап беретін сәтте орындалды. Дональд Трамп әкімшілігі Венесуэлаға қарсы жаңа әскери шараларды қолдануды жалғастыруы мүмкін.Венесуэла көшбасшысы бүгін сотқа тартылады
Сонымен қатар зымыран ұшыру сәті Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мённың Қытайға сапарымен және Си Цзиньпинмен кездесуімен сәйкес келді. Бұл аймақтағы шиеленісті одан әрі арттыра түсті. Еуропалық Одақ болса, халықаралық құқықты сақтай отырып, жағдайды бейбіт жолмен шешуге шақырып жатыр.