Әділет министрлігі желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.
Ведомство өкілдері жалған ақпарат таратудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.
«Барша азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми дереккөздерге және тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырамыз», делінген хабарламада.