• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң 04 Ақпан, 2026

Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау

60 рет
көрсетілді

Жаңа Конституция жобасында тарихи сабақтастық қағидатын айқындау және «Ұлы дала» ұғымын құқықтық деңгейде бекіту мәселесі көтерілді. Бұл бастама мемлекеттің тарихи негізін, біртұтастығын және егемендік қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл тарихи сабақтастық мемлекеттің ең сенімді тірегі екенін айтты. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасында бұл ұстанымның алдыңғы қатарда қарастырылуы еліміздің мыңжылдық даму тарихын, ұлттық мәдени кодын және басқару тәжірибесін құқықтық негізде айқындайды.

Тоқаев: Ұлы дала заңына бас иген, ар-ұяттан аттамаған халықпыз

«Ұлы дала» ұғымының Конституцияда көрініс табуын тарихи сабақтастықты құқықтық деңгейде бекітудің нақты дәлелі ретінде бағалады. «Ұлы дала» ұғымы эмоциялық немесе поэтикалық тіркес емес. Бұл – Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи кеңістігін, мәдени кодын және жауапкершілік философиясын бейнелейтін нақты ұғым. Тарихи сабақтастық елдің өткенін, бүгінін және болашағын жалғайтын құқықтық көпір іспетті»,  деді Е. Әбіл.

«Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиумы өтті

Еркін Әбілдің пікірінше, бұл ұстаным өз азаматтарымызға ғана емес, халықаралық қауымдастыққа да мемлекеттің терең тамырын, ұлттық дәстүрін және өркениеттік сабақтастығын айқын көрсетеді. Ол тарихи сабақтастықты конституциялық деңгейде бекіту халықаралық тәжірибеге де сай келетінін атап өтті.

«Қытай, Венгрия, Польша, Литва секілді мемлекеттер өз Конституцияларында тарихи сабақтастықты ұлттық егемендіктің негізі ретінде нақтылаған. Бұл елдер оны қауіп ретінде қабылдаған жоқ, керісінше мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығын нығайта түсті», дейді депутат.

Ерлан Қарин: Ұлы дала – көшпенділер өркениетінің алтын бесігі

Сауалда жаңа Конституцияда мемлекеттің унитарлы сипатының нақтылануы да маңызды өзгеріс ретінде көрсетілген. Қолданыстағы Конституциядағы «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» деген тұжырым жаңа редакцияда «Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару үлгісі – президенттік республика» деп айқындалуы ұсынылған. Бұл норма аумақтық тұтастықты, құқықтық кеңістіктің бірізділігін және басқару жүйесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған дейді депутат пікірінше.

Соңғы жаңалықтар