Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл қаңтар айында шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесіп, халықаралық есірткіге қарсы операцияны жүзеге асырды, деп жазады Egemen.kz.
Бірлескен операция нәтижесінде Алматы қаласында 8 кг синтетикалық «метамфетамин» затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Комитет қылмыстық-процестік кодекс талаптарына сай өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.
Алматыда есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды