• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 13:40

Президент: Ата заң жас буынның темірқазығы болуға тиіс

10 рет
көрсетілді

Референдумда дауыс бергеннен кейін Мемлекет басшысы журналистерге арналған брифинг өткізіп, сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Брифингте журналистердің бірі «Президент мырза, жаңа Конституция жобасын екі-үш сөзбен сипаттап бере аласыз ба?» деген сұрақ қойды.

«Бұл – заң мен тәртіп үстемдік құратын Әділетті Қазақстанның Конституциясы, болашаққа бағдарланған құжат. Ата заң алдымен жастарға арналған, яғни жас буынның темірқазығы болуға тиіс. Жаңа Ата заңның мақсаты – осы. Қазақстан прогрессивті, заманауи мемлекетке айналуы керек. Бұл – біздің алдымызда тұрған ең басты міндет», деді Мемлекет басшысы.

Вице-Президент лауазымы не үшін қажет? Мемлекет басшысы жауап берді

Соңғы жаңалықтар