• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 15:12

Өзбекстан ОСК төрағасы: Жастар белсенділігі – азаматтық жауапкершілік көрінісі

20 рет
көрсетілді

Бүгінгі референдумда инклюзивтілік принципіне маңызды екпін берілген. Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев осылай дейді, деп жазады Egemen.kz.

Ол Астана қаласы Президент орталығындағы №176 референдум учаскесінде болып, науқан барысын бақылады.

«Бұл – ел халқының өміріндегі аса маңызды саяси іс-шара. Біз кеше келіп, Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының төрағасымен екіжақты кездесу өткіздік. Жүздесу барысында бір ай ішінде атқарылған дайындық жұмысы жөнінен жан-жақты ақпарат алдық. Референдумды өткізуге жауапты команда толық дайын екеніне көз жеткіздік», дей келе Зайниддин Низамходжаев референдум комиссиясының мүшелері мен қоғамдық бақылаушылардың арасында жастардың көп болғаны қуантатынын, бұл азаматтық жауапкершілікті байқататынын жеткізді.

Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстанның референдумға сапалы дайындалғанын атап өтті

Сонымен қатар халықтың белсенділігін де ерекше бағалады.

«Тағы бір қуанышты жайт – бүгін сағат 12:00-ге дейін бірнеше учаскеге бардым. Осы уақытқа дейін ел азаматтарының 40 пайыздан астамы келіп, өз дауыстарын беріп үлгерген. Әрине, референдумның алдын ала нәтижелері ертең белгілі болады. Әзірге ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Сонымен қатар комиссия мүшелері, төрағалар, хатшылар және қоғамдық бақылаушылар біз қойған барлық сұрақтарға толық жауап беріп отыр», деді Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Референдумда дауыс бергендер саны 51,93 пайызға жетті

Халықаралық байқаушы тең қолжетімділікті қамтамасыз ету демократиялық құндылықтың іс жүзіндегі көрінісі екенін атап өтті.

«Біз үшін сайлаушылардың саны, оларды хабардар ету жұмысының қалай жүргізілгені, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, денсаулығына байланысты үйден шыға алмайтын адамдар үшін қандай жағдай жасалғаны маңызды болды. Мысалы, осы учаскеде  үш қазақстандық үйінде дауыс берген. Олар алдын ала өтініш беріпті. Кейбір учаскелерде мұндай өтініш берген азаматтардың саны 7 адамға дейін жетеді. Ал бір учаскеде біз 12 адамның үйінде дауыс беру туралы өтініш білдіргеніне куә болдық. Яғни Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес референдумды өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған», деп сөзін түйіндеді Зайниддин Низамходжаев.

Ваагн Овакимян: Қазақстан халқының ауызбіршілігіне тәнті болдым

Соңғы жаңалықтар