• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 08:10

Айман мен Шолпанның тілегі

10 рет
көрсетілді

Ертіс-Баян өңірінің жұртшылығы ала таңнан дауыс беруге ағылды. Облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, аймақта бұл күні 520 референдум комиссиясы жұмыс істеген.

Референдум учаскелерінің әр­қайсысы қажетті құралдармен, әр азамат өз қалауы бойынша жаңа Конституция жобасымен таныса ала­тын ақпараттық стендтермен жаб­дықталды.

«Өңірде шамамен 500 мыңдай адам дауыс беру құқығына ие. Тізімде 26 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген болса, олардың ішінде 3 200 адамға ерекше жағдай қажет. Арбаға таңылғандар – №305, көру қабілеті нашар дауыс берушілер – №365, ал есту қабілеті нашар дауыс берушілер №293 учаскеде да­уыс бере алады. Учаскелердің басым бөлігі пандуспен жабдықталып, арнайы бағыттағыштар орнатылған. Сондай-ақ көру қабілеті бұзылған сайлаушылардың дауыс беруге өз бетінше қатысуына мүмкіндік бере­тін Брайль шрифтімен жазылған 520 бюллетень трафареті дайын тұр. Тұрғындар таңертеңнен белсенділік танытып жатыр», деп атап өтті облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжолова.

Қазақстанның Еңбек Ері, «Тәуелсіз Қазақстанның Халық Батырлары» қоғамдық бірлестігі облыстық филиа­лының төрағасы Рышат Әміренов Екібастұз қаласындағы №373 учас­кеге алғашқылардың бірі болып келді.

«Көмір өнеркәсібінде 38 жыл еңбек еттім. Адал еңбек маңызды. Ата заңымыз негізінде адам және адами құндылықтар, билік тармақтарының теңгерімі, заң үстемдігі мен әлеуметтік әділеттілік қағидаттары жатыр. Біз орта жастан асып, ақсақалдық жасқа жетіп қалдық. Қоғамның ендігі кілті – балаларымызда. Ал Конституция оларға қызмет етуі керек. Сондықтан бүгін өз таңдауымды жасауға келдім», дейді ол.

Рышат Бабайұлының ұл-қыздары да көмір өнеркәсібінде қызмет етіп жүр. Олардың арасында механик, бұрғылаушы, маркшейдер, электрик мамандары бар. Әулеттің сала­дағы жалпы еңбек өтілі 270 жылдан асып отыр.

Ал таңдауларын жасаған егіз ару Айман мен Шолпан Аман­гел­диевалардың жасы 20-да. Қос ару Өзбекстанда дүниеге келіп, 2018 жылы отбасымен Қазақстанға қоныс аударған. №529 референдум  учаскесінде дауыс берген егіздер қолдарындағы бюллетеньдерін «еліміздің ертеңі баянды болсын» деген тілекпен жәшікке салды.

Атап өтерлігі, денсаулығына бай­ланысты үйден дауыс беруді қалаған­дар бұл күні 12.00-ге дейін тиісті референдум учаскесіне хабарласып, өті­ніш қалдыра алды. Қаладағы қоғам­дық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдады. Сондай-ақ инватаксилер тегін қызмет көрсетті.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар